Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Торғай өңіріндегі 3 елді мекенде ұялы байланыс қызметі іске қосылды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін су тасқынынан зардап шеккен Амангелді ауданының Қабырға, Жангелдин ауданының Ақкөл, Ахмет ауылдарында ұялы байланыс желісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Торғай өңіріндегі 3 елді мекенде ұялы байланыс қызметі іске қосылды

«Елді мекендерді еріген су жайлап кетті. Төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етіп, әкімдік мүлікті бағалау бойынша жұмыстар жүргізуде. Енді жоспар бойынша Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарын ұялы байланысқа қосуымыз керек. Ертеңі кешке дейін Қызылжұлдызға интернет орнатамыз. Ал Екідің ауылын 10 сәуірге дейін қосамыз деп жоспарлап отырмыз», деді Арқалық өңірінде жүрген ақпараттандыру басқармасының басшысы Азамат Қашиев.

Базалық станцияларды қалыпқа келтіру дизель-генераторлардың көмегімен іске асырылып жатыр.