Елорда • 07 Сәуір, 2024

Астана тұрғыны жаяу жүргіншілер көпірінен көлікпен өткен

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жол ережесін өрескел бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана тұрғыны жаяу жүргіншілер көпірінен көлікпен өткен

Елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазғандай, желіде тараған видео кейіпкері Атырау көпірінен көлікпен өткен.

Toyota көлігінің жүргізушісі анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылған.

«Жүргізушіге жаяу жүргіншілер жолағында көлік жүргізгені, мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік құралын басқарғаны, жол белгісін елемегені және техникалық ақауы бар көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды», деп хабарлады полиция.