Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Құлсары қаласының 7 шағын ауданына тасқын су қаупі төніп тұр

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының жедел штабының мәліметінше, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен әкімшілік нысандарды тасқын су басқан.

Құлсары қаласының 7 шағын ауданына тасқын су қаупі төніп тұр

Фото: Рахим Қойлыбаев

Тасқын судан шағын орта бизнес иелері де зардап шегіп отыр. Қазір 6 кәсіпкерлік нысанының ауласына су кірген.

«Құлсары қаласында 31 наурыздан бері тұрғындар көшіріліп жатыр. Бүгін, 7 сәуірде сағат 08:00-дегі мәліметке сәйкес, Құлсары қаласындағы «Атырау», «Достық», «Мирас», «Жадырасын», «Мерей», «Шұғыла», Мешіт маңы ауылынан 29 545 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оның ішінде 7 396 бала бар. Эвакуациялық пункттерге 8 011 адам орналастырылды. Олардың 4578-і – балалар», деп мәлім етті облыстық жедел штаб.