Қоғам • 10 Сәуір, 2024

Мемлекеттік қызметші тасқыннан зардап шеккен торғайлықтарға көмектесті

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынынан зардап шеккен халыққа елдің белсенді азаматтары да көмектесіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметші тасқыннан зардап шеккен торғайлықтарға көмектесті

Солардың  бірі – мемлекеттік қызметші, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Батырбек Әбділдин. 

Торғай өңірінің тумасы бір ауылда туып-өскен азаматтардың, достарының және кәсіпкерлердің басын біріктіріп, Қостанай облысы Амангелді ауданына, Торғай өңіріндегі басқа да су басқан ауылдарға 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтті.

«Қиын жағдайға тап болған ағайынға керек-жарағын, азық-түлігін жеткізу ісі алдағы уақытта да жалғасады», деді Батырбек Сұлтанұлы.

ш

Сонымен қатар Батырбек Әбділдин қоғамдық негізде Астана қалалық «Қазақ күресі» федерациясына жетекшілік етеді. Рамазан айында федерация басшылығы «Елорда» қайырымдылық қорымен бірлесіп, қарттар үйіндегі қарияларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, медресе шәкірттеріне бірнеше рет ауызашар берді. Ауызашар аясында мұқтаж жандарға пәтер кілттері табысталды.