Технология • 12 Сәуір, 2024

Жасанды интеллектіні дамытудың перспективасы зор

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент жасанды интеллектіні жедел дамыту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жасанды интеллектіні дамытудың перспективасы зор

фото: 24.kz

«Ғылыми-техникалық прогресс жаһандық экономиканың сипаты мен адамдардың тұрмыс салтының жылдам өзгеруіне ықпал етіп отыр. Күні кеше ғана қиял-ғажайып болып көрінген технологиялар бүгін шындыққа айналуда. Мұндай жағдайда еліміздің технологиялық және ғылыми-инновациялық дербестігін нығайту үшін бізге барлық мүмкіндікті пайдалану маңызды», деді ел Президенті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, жасанды интеллектіні дамытудың перспективасы зор. Кейбір бағалаулар бойынша жасанды интеллект 2030 жылға қарай әлемдік ЖІӨ-нің 7 пайызын қамтамасыз етеді. Ал 2027 жылға қарай жаһандық жасанды интеллект нарығының капитализациясы 400 миллиард доллардан асады.

«Бүкіл әлемде жасанды интеллект адам еңбегін алмастырып жатыр. Медициналық диагностика және заңгерлік кеңес беру сияқты күрделі салаларда да кеңінен қолданыла бастады. Тіпті, нейрожелілер сурет салып, музыка, өлең жазады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.