Сенат • 12 Сәуір, 2024

Сенат Спикері Грузия Парламентінің Төрағасымен кездесті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және тағы басқа өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат Спикері Грузия Парламентінің Төрағасымен кездесті

Фото: Н.Байбулин

Палата Төрағасы Грузиядан келген әріптесіне ілтипат білдіріп, оның сапары екі ел ынтымақтастығына тың серпін беретінін айтты.

«Грузия – Қазақстанның Оңтүстік Кавказ өңіріндегі маңызды серіктесі. Сіздің сапарыңыз парламентаралық өзара іс-қимылымызды, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Соңғы жылдарда сауда-экономикалық саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткіздік. Түрлі бағыттағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы міндеттерді іске асыруға Парламенттер тарапынан да ықпал ете аламыз», деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесуде сондай-ақ туристік, көліктік-логистикалық және басқа салалардағы ынтымақтасты арттыру мәселелері талқыланды.

Сенат Спикері Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда іске асырылып жатқан кешенді әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға, сондай-ақ, Сенаттың заң шығару қызметіне де тоқталды. Атап айтқанда, жаңа экономикалық үлгі қалыптастыруға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға арналған шаралар туралы сөз болды.

Өз кезегінде Шалва Папуашвили көпжақты қатынастарды дамытуға мүдделі екенін білдіріп, Қазақстандағы саяси трансформацияның тиімділігін тілге тиек етті.