Пікір • 15 Сәуір, 2024

Табиғи апаттармен күрестегі ғылым капиталы

82 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде маңызды бес фокус аталды.

Табиғи апаттармен күрестегі ғылым капиталы

Фото: gov.kz

Әрбір фокус қоғамның күре тамырының тынысын кеңейтетін жол ғылымнан ізделуінде. Бірінші фокус: Ғылымның әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау, климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін барынша пайдалану. Бұл орайда, ғылыми дерекқорларына осы саладағы ең озық зерттеулер, іргелі және қолданбалы нәтижелерге мониторинг жүргізу, нәтижесінде тиімді шешу мехнизмдерін жасау қажет деп ойлаймыз.  БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климат саммитінде климаттың өзгеруіне қарсы күресуде отандық ғалымдардың ортақ шешімдеріне, зерттеу нәижежелеріне жетуде мұндай зерттеулер мақсатты болмақ.  

Екінші фокус: Еліміздегі ғылыми экономикасы дамуында бірнеше стратегияны атап өтсек, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестиция (мұнай сервисі мен мұнай химиясы). Өнеркәсіптегі инновацияны ынталандыру (Қарапайым заттар туралы ғылым).

Білім беру жүйесі мен ғылым кадрларын даярлауды дамыту (Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институты). Ғылыми әзірлемелердің технологиялық трансфері мен коммерцияландыруды әрекеттестіру (Қазақстан экономикасын декарбонизациялау). Бастысы: инновациялық климат пен құқықтық реттеуді жақсарту (жаңартылатын энергия көздері саласында).

Үшінші фокус: Біздің өмірімізге батыл енген жасанды интеллект. Бұл салада кейбір қадамдарды атап өтсек: кадрларды оқыту мен даярлау, жасанды интеллект экожүйесін құру, стандарттау мен құқықтық реттеу (Artificial Intelligence Act), қоғамдық қызметте жасанды интеллект қолдану. Бұл тәжірибе Қазақстан жағдайында оң нәтиже береді деп сенеміз.

Төртінші фокус: Жаңартылатын инфрақұрылым. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшін жаңа ғимараттар, яғни кампус салынады», деп атап өтті. Университет кампусы құрылысының жаңа кезеңіне серпін береді. Сондай-ақ елде клиникалық зерттеулер хабын құру - постпандемия кезеңіндегі елдің денсаулығын қорғау ісінде ең басты инвестиция болмақ.

Бесінші фокус: Президенттің ғылымдағы «Адам капиталы» туралы өркениетті пікірін толық қолдаймыз. Ғылым адамы - елде болып жатқан табиғи апаттармен күрестен бастап, олардың алдын алуда ақыл-ойдың кеніші, шешім мен әрекеттің генераторы саналады. Президенттің сөзінде ерекше бағыт аталды. Ол «индустриалды PhD» даярлау туралы сөз қозғады. Бұл салада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары бірлесе жаңа бағдарлама ұсынары сөзсіз.

 

Гүлмира Сұлтанбаева