Саясат • 15 Сәуір, 2024

Президенттің Арменияға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды

74 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға ресми сапары барысында Никол Пашинянмен келіссөз жүргізіп, бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің Арменияға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қазақстан Президентінің Ереванға ресми сапары аясында келесі құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісім;
3. 2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
4. Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының авиациялық биліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімінің аппараты мен Армения Республикасы Армавир облысының Әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасының Шымкент қаласы мен Армения Республикасының Ванадзор қаласы арасындағы ынтымақтастық және бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасы;
9. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Армения Республикасының Жоғары технологиялық индустрия министрлігі арасындағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Астана мен Ереван арасындағы бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум.

щ

щ