Қаржы • 16 Сәуір, 2024

Мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк (ҰБ) базалық мөлшерлемені 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырған. Алайда төмендеу баяу қарқынмен жүрді.

Мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

ҰБ хабарлауынша, инфляция бо­йын­ша 5%-дық мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет.

«Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Оның қалыптасуы инфляцияның орнықты бөлігінің тұ­рақ­ты түрде баяулауына байланысты. Жылдық инфляция 2024 жылдың нау­рыз айында 9,1%-ға дейін баяулап, болжамды траекториядан біршама жоғары қалыптасты», деп мәлімдейді бас банк.

Мәлімдемеде Ұлттық банктің реттелетін бағалар реформасы секілді біржолғы факторларды ескермейтін инфляцияның орнықты бөлігін бақылай түсетіні айтылған: Инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауы базалық мөлшерлеменің төмендеуіне кеңістік қалыптастырады.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 31 мамырда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.