Қазақстан • 17 Сәуір, 2024

Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Спутник Қырғызстан хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді

Фото: photolit.ru

Қырғыз президентінің сапары 18-19 сәуірге жоспарланған. 

Екі ел президенттері қос мемлекеттің ынтымақтастығы мен оны дамыту перспективаларын талқылайды. 

Сапар аясында Астанада Манас ескерткішінің ашылу салтанаты өтеді. 

Күн тәртібіне сәйкес, елордада Қазақстан - Қырғызстан бизнес-форумы өтіп, зиялы қауым, талантты жастар мен ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.