Ауа райы • 18 Сәуір, 2024

11 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

153 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

11 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Қарағанды облысының орталығында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болмақ. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады. Түркістанда күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында таңертең және түстен кейін облыс орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Батыс, солтүстік-батыстан облыстың шығысында, оңтүстігінде соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендеп, күн суытады деп болжанады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда да найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.