Аймақтар • 19 Сәуір, 2024

Құлсарыда «Сергек» камералары 4 сәуірден бері өшіріліп тұр

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Құлсары қаласында «Сергек» камералары жұмыс істемейді. Камералар 4 сәуірде өшірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құлсарыда «Сергек» камералары 4 сәуірден бері өшіріліп тұр

Фото: Петр Карандашов

Атырау облыстық полиция департаменті әкімшілік тактика бөлімшесінің басшысы Ғарифолла Тайшыбаевтың айтуынша, Жылыой ауданында «Сергек» камераларының жұмысы тоқтатылған.

«Құлсары қаласында «Сергек» бақылау камералары 4 сәуірде өшірілді. Содан бері қалада ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ. «Кибер-шериф» қондырғысы бар автокөліктер Құлсары қаласының сыртындағы тасжолдарда қауіпсізікті қадағалап жүр. Төтенше жағдай кезінде тіркелген айыппұлдар тұрғындардың шағым беруі арқылы кері қаралады. Айыппұл төлеу туралы нұсқама көрсетілген мекенжайға жіберіледі. Тұрғындар шағымын, жылдамдықты қандай қажеттілікке байланысты асырғанын дәлелдейтін құжаттарды ұсынуы қажет. Мысалы, бала-шағасын эвакуациялық пунктке шұғыл жағдайда апарған болуы мүмкін. Сол мекенжай бойынша сұраныс беріліп, маршруттың сәйкестігі тексерілген соң шешім қабылданады», деп түсіндірді Ғарифолла Тайшыбаев.