Аймақтар • 22 Сәуір, 2024

Атырау облысындағы Бағырлай каналына мол су келді

1826 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Индер ауданындағы Бағырлай каналы мол сумен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысындағы Бағырлай каналына мол су келді

«Қазсушар» РМК Индер өндірістік учаскесінің басшысы Сайлау Байбосыновтың айтуына қарағанда, 105 шақырымдық Бағырлай каналы Батыс Қазақстан облысымен шекарада орналасқан.

«Индер ауданында төрт суару-суландыру каналы бар. Бұл – Ақсай, Бағырлай, Алғабас-Жорық, Құрайлысай каналдары. Төрт каналдың жалпы ұзындығы 302 шақырымды құрайды. Оның ішінде ең ұзыны саналатын Бағырлай каналының стратегиялық маңызы бар. Өйткені, бұл канал Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының шекарасымен өтеді. 1994 жылғы су тасқыны кезінде Бағырлай каналына көп мөлшерде су келген еді. Қазір Батыс Қазақстан облысының аумағынан аталған каналға мол су келіп тұр», дейді Сайлау Байбосынов.