Оқиға • 22 Сәуір, 2024

«Екпінді жел алып кеткен»: Жетісу облысында жоғалған балықшы табылды

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының жедел-құтқару жасағы жоғалған балықшыны Балқаш көлі Борлы шығанағында тауып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Екпінді жел алып кеткен»: Жетісу облысында жоғалған балықшы табылды

Фото: ТЖМ

Анықталғандай, қайықпен балық аулауға шыққан ер адамды екпінді жел қамыс арасына ұшырып әкеткен.

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушылар балықшыны Лепсі ауылына жеткізді. Үйіне аман-есен оралған балықшы медициналық көмекті қажет етпеген.