Оқиға • 23 Сәуір, 2024

Астанада үлескерлерді алдаған алаяқ Ресейден табылды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы болып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы 200 үлескердің 4,3 млрд теңгеден астам қаржысын ұрлап кеткен алаяқ Ресейден табылды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада үлескерлерді алдаған алаяқ Ресейден табылды

Фото: Бас прокуратура

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бойын тасалаған.

Осыған байланысты оған халықаралық iздеу жарияланған еді.

Өткен жылдың қараша айында ҚР Бас прокуратурасының ресми сұрауы бойынша күдікті Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

«Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында қолға түскен. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алаяқтық қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Алаяқты іздеу жұмыстарын Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі жүргізген.