Марапат • 23 Сәуір, 2024

Президент атынан қолсағатпен марапатталды

18 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны зардабын жою, қауіптің бетін қайтару мақсатында ұйымдастырылған жұмыстарға белсенді қатысқан Ұлттық ұлан академиясының курсанттары Мемлекет басшысының атынан қол­сағаттармен марапатталды.

Президент атынан қолсағатпен марапатталды

Петропавл қаласының шағын аудандары мен іргесінде орналасқан елді мекендерді судан қорғау жұмыстарында белсенді қызмет ат­қарған Ұлттық ұлан академиясының 4-оқу батальонына қарасты 3-бөлімшесінің ко­ман­ди­рі, сержант Аян Қали, 1-оқу батальоны 4-бөлімшесінің курсанты Асқар Жалелов, 1-оқу батальоны 3-бөлімшесінің курсанты Роман Морковинге Президент Қасым-Жо­март Тоқаевтың атынан арнайы сыйлық табысталды.

– Біз наурыз айының соңында басталған табиғи апаттан тұрғындарды, олардың бас­паналарын қорғауға атсалысып келеміз. Тас­қын суды тежеу үшін бөгеттер тұрғыздық. Мемлекеттік маңызды нысанды судан аман алып қалдық. Біздің мақсатымыз – су тас­қы­нынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесу. Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы қызметімізді бағалап жатқаны бізді қуантып отыр, – деді сержант А.Қали.

Айта кетейік, дәл осындай құрметке Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің 7 жауынгері де ие болды.