Төтенше жағдай • 24 Сәуір, 2024

Алматы облысында төрт күннен бері қамыс өртеніп жатыр

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалын үлкен аумаққа таралып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт күннен бері арпалысып жүр, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында төрт күннен бері қамыс өртеніп жатыр

Фото: ТЖМ

Ведомство хабарлағандай, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді.

«Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер мен екпінді жел өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков оқиға орнында жүр», делінген хабарламада.

Жалынмен күрес жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып жатыр.