Аймақтар • 25 Сәуір, 2024

Қарағанды ​​облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​облысында жолаушылар пойызы вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды ​​облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті

Желіде вагонның рельстен шығып кеткені туралы ақпарат тарады.

Жазба авторының жазуынша, теміржолдағы оқиға Ағадыр мен Айса стансаларының арасында болған.

Бұл оқиғаға қатысты Көліктегі полиция департаменті түсінік берді. Олар пойыздың техникалық вагоны рельстен шығып кеткенін растады.

- Қазіргі уақытта Қарағанды-Сортировочная стансасының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп жазды көлік полициясы.