Футбол • 25 Сәуір, 2024

Үлкен футболға апарар жол

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Жаңаөзен қаласында ашық футболдан алғаш рет жарыс өтіп, Маңғыстаудың «Каспий» футбол клубы жеңіске жеткенін хабардар еткен едік. Ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың футболға деген қызығушылығы, «Каспий» футбол клубына деген ықыласы Қарақия ауданының Жетібай аулында аталған клуб филиалының ашылуына негіз болды.

Үлкен футболға апарар жол

Бұл – өңір аудандары арасында алғаш ауданда ашылған филиал. Аудандағы футбол спортын одан әрі дамыту, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ашылған клубта 2013–2015 жылы туған жеті­байлық жасөспірімдерден құ­ралған 3 топ жаттығу жұмыс­тарын бастап кетті. Алдағы уақытта спорттық нормативтерді сәтті тапсырған оқушылар кәсі­би құрамға алынып, Ақтау қала­сына ауыстырылады.

«Үлкен үйге не керек – кіші үйге де сол керек» дегендей, филиалға қажетті құралдар мен спорттық киімдерді «Каспий» фут­бол клубы қамтамасыз етеді. Ал қатысушылар үшін фи­лиал есігі ашық, яғни тегін. Сон­дай-ақ футбол спортына қы­зығып, клубқа тіркелгендер саны көбейсе, қосымша топтар ашу жоспарланып отыр.

 

Маңғыстау облысы