Қоғам • 25 Сәуір, 2024

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары өмірден өтті

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Медет Бердімұратов дүние салды, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары өмірден өтті

Фото: Polisia.kz

Медет Бердімұратов ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосқан.

Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.