Экология • 26 Сәуір, 2024

Діні бөлек, діңі бір

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемгі көгалдандыру науқанынан Қаныш қаласындағы дін өкілдері де шет қалмады.

Діні бөлек, діңі бір

Қаланың Жеңіс саябағы осыдан екі-үш жыл бұрын жаңартылған еді. Дегенмен, мұнда әлі де болса бос жатқан алаңқайлар бар. Сондай алаңқайдың біріне қаладағы ресми тіркеуде тұрған 9 діни бірлестік өкілдері шие ағаштарын отырғызды.

«Елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында жас шыбықтар егу туралы ұсынысымыз қаладағы діни бірлестіктер  тарапынан қолдау тапты.  Олар жас шыбықтарды егумен бірге оларды суғару, яғни, күтім жасауды да өз мойындарына алып отыр», дейді Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпараттық және кеңес беру орталығының  директоры Манат Айтбаев.

Діні бөлек болғанымен діңі бір діни бірлестіктердің айналаны абаттандыру, көгалдандыру ісінде де  көпшілікке үлгі бола білгендері шынында да сүйсінерлік шаруа.

п

 

Ұлытау облысы,

Сәтбаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024