Қылмыс • 26 Сәуір, 2024

Екі күнде 300-ге жуық қылмыскер ұсталды

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

24-25 сәуір аралығында ТМД елдерінің аумағында мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау және ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі күнде 300-ге жуық қылмыскер ұсталды

Фото: Polisia.kz

 

ІІМ криминалдық полициясы 291 қылмыскерді, оның ішінде ел аумағынан тыс жерде 31 адамды, шетелдік құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша ел аумағында 173 адамды ұстады.

Мәселен, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген әйел Сочиде қолға түсті. Ал Алматыда көлікті мас күйінде айдап, адам қағып кеткен ер адам Варшавада ұсталды.

 

Өзбекстанда кісі өлтіріп, 2004 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер Алматы қаласында жасырынып жүрген.

Сондай-ақ Түркістан облысының Сарыағаш ауданында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 2015 жылдан бері іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол қылмысын Ресейде жасаған.

Одан бөлек, жоғалған 59 адамның орналасқан жері анықталды.