Президент • 26 Сәуір, 2024

«Айбын» орденіне қазақтың даңқты батырларының есімдері берілді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Айбын» орденіне қазақтың даңқты батырларының есімдері берілді

Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың  «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына түзетулер енгізілді.

Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.

Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024