Пікір • 01 Мамыр, 2024

Жұртты ұйыстырған институт

59 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікпен тікелей байланыс­ты. Елімізде бірлік пен келісім осы елде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері үшін мәңгілік құндылықтар болып есептеледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттілігіміздің негіз­гі институттарының бірі ретінде қоғамдағы бірлікті нығайтуға қызмет етеді.

Жұртты ұйыстырған институт

Фото: gov.kz

Бұл институт респуб­ли­ка­ның саяси жүйесін жүйелі трансфор­ма­­ция­лауға бағытталған түбе­гей­лі өзгерістердің бел ортасын­да жүр. Ауқымды қайта құру­лар­дың нәтижесінде ҚХА-ның өзі озық халықаралық тә­жіри­беге толығымен сәйкес келе­тін парламенттік өкілдіктің жаңа құралдарына ие болды. Ассам­блеяның ұсынысы бойынша Пре­зидент тағайындайтын Сенат­тың бес депутаты заңнамалық деңгейде кері байланыс, қоғамдық бақы­лауды қамтамасыз етуге және Парламентте Қазақстанның бар­лық этностарының мүдделерін білдіруге мүмкіндік алды.

Ассамблея еліміздің саяси жаң­ғыруында, ұлттық бірлікті нығай­туда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар Ассамблеяның 12 мүшесінің Ұлттық құрылтайдың құрамына кіруі оның жұмысына жалпыұлттық диалогтің әмбебап үлгісін ілгерілетуде баға жетпес тәжірибе болатыны анық. Бізде әртүрлі мәдениеттердің дәс­түр­ле­рі ұлттық болмыстың берік үйлесіміне ұласатын өзіндік ерекше өмір салты қалыптастырылып келеді. Бұл бірегей болмыс уақыт сынынан өтіп, қоғамдық сананың өзегіне айналды.

Президент Қ.Тоқаев Ассам­блея­­ның болашақтағы жұмыс­та­рының басым бағыттарын бел­­­гілеуге ерекше мән беріп, оның басты міндеттерінің бірі ре­тін­де азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға жұртшылықты тарту мәселесін күн тәртібіне шығарды. Ол бұл жұмыстың басым­дықтарын да анықтап берді. Олардың қатарына бір­лік пен ынтымаққа сызат түсіруге ба­ғытталған кез келген аран­дату­шы­лықтың жолын кесу, этно­әлеу­меттік шиеленісті тудыратын себептерді жою үшін пәрменді шаралар қабылдау, көпмәдениетті ортаны дамыту және барлық азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруіне жүйелі қадамдар жасау, Ассамблеяның саяси партия­лармен және мемлекеттік ор­ган­­дармен өзара іс-қимылын күшейту және бұл жұмысты орта­лықта да, жергілікті жерлерде де жүргізу, сол сияқты бірізді және ғылыми негізделген этносаясатты жолға қою сияқты мәселелерді жат­қызуға болады. Бірақ ұлт бір­лігін сақтау мәселесінде ортақ ұс­таным күмән келтірмейтін шын­дыққа жатса, ал ұлтаралық келісімді сақтау мәсе­лелері бойынша екіұштылық пен «пікір алуандылығына» жол беруге болмайды. Өйткені, өкінішке қарай, ұлттық бірегейліктің жаңа кезеңі халықаралық геосаяси жағдайдың күрделеніп, сыртқы сын-қатерлердің төніп тұрған уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда этносаралық келісім мен ел халқының бірлігін нығайту күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналуы да кездейсоқ емес.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев­тың Қазақстан халқы Ас­самблея­сының күні кеше ғана өткен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыбындығы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзін Қазақстан үлкен табиғи қатерге тап болып, ел аумағының бірқатар бөлігін тасқын су басқан кезде халқымыз өзінің мызғымас бірлігін айқын көрсетті дегеннен бастауы бекер емес. Тасқын басталғаннан бері Қа­зақстан халқы Ассамблеясы бел­сенді әрі үйлесімді жұмыс істеді.

Елімізде болып жатқан сая­си өзгерістер азаматтық қоғам­ның дамуына серпін беріп, қазақс­тан­дық­тардың мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдау үдерісіне қаты­су мүмкіндігін кеңейтті. Бұл жағдай Ассамблеяның да әлеуетін арттырды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Әділетті Қазақстан мәселесін көтеріп, оны құруға кіріскенде дәл осы Қазақстан халқы Ассам­блея­сының мінберінен әді­летті қоғам құрудың «бірлік, тұрақ­тылық, даму» сияқты үшта­ғанын айқындап берген еді. Ол ел дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер жасауға бағдарланған еді. Ал Ассамблея отырысының биылғы күн тәртібі «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» мәселесіне арналып отыр. Яғни Пре­зидент сол үштағанның бі­рін­ші «Бірлік» құндылығын тере­ңірек қарастырып, оны ілге­рі­летуге көңіл бөлген сияқты. Өйткені ондаған жылдар бойы қордаланған көптеген мәселені бірлесе отырып шешу үшін оған жасам­паздық көзқарас керек. Сон­да ғана өрлеу болады.

Мемлекет басшысы атап көр­сет­кендей, «Азаматтарды әлеу­меттік ортаға кіріктіру жүйесі Отанға деген сүйіспеншілік, пат­рио­тизм идеалдарын наси­хат­­тауға және халқымыздың мәде­ние­тін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеуге негізделуі керек». Жастардың әрдайым алға ұм­тылуына көңіл аудара оты­рып Қ.Тоқаев: «...өскелең ұрпақ­тың дүниетанымы тарихқа қатысты өкпе-реніштен, догматизмнен және мәдени стереотиптерден ада болуға тиіс», деді. Ол үшін халқымыз өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуі керек. Оның тірегі мемлекетіміздің Тәуел­­сіздігі болса, ал мемлекеттік саясат­тың басты өзегі және жал­пы­ұлттық бірегейлікті нығай­та­тын негізгі факторы – бірлік.

Ассамблеяның отырысында ата-бабаларымыздың дәстүр­ле­рі­не және түрлі мәдениетке деген құрмет, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді білу сияқты Қазақ­стан азаматтарына тән қа­сиет­терге де көңіл аударылды. Адамның ұлтына, көзқарасы мен наным-сеніміне қарамастан, Қазақстан азаматының барлық құқығын иеленетіні, ол әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, біздің мем­лекетіміздің қорғауында бола­­тыны айтылды. Қоғамдық кесел­дер­ді түбірімен жоюда ортақ іске бүкіл ел болып жұмылып, аза­мат­тың ұлтына, дініне, әлеумет­тік жағ­дайына қарамастан, оған бар­лығының атсалысуының қажет­тілігіне басымдық берілген. Сонда ғана әр адамның ой-санасы және мінез-құлқы түзеледі, тұтас қоғам жақсарады. Қоғамның мақсат-мұраты биік болса, елдің рухы да биік болады. Ендеше, «Адал азамат» болу келеңсіз үрдістерден жай ғана жиренуді аңғартпаса керек. Оны жою үшін адам сол үде­ріс­тің бел ортасында жүруі шарт.

Ассамблеяның институцио­нал­дық әлеуетін нығайту қажет­ті­лігі туралы мәселе тағы да көте­рілді. Оның мемлекеттік ор­ган­дармен, Парламентпен және мәслихаттармен қарым-қаты­насын жақсарта түсуінің керек­тігі туралы да сөз болды. Сол сияқ­ты Ассамблеямен бірлесіп жұмыс істеу тұрғысындағы әкім­дердің рөлі де екшеленді. Пре­зидент Ассамблеяның негізгі іс-шараларына облыс және рес­публикалық маңызы бар қала әкім­дері тікелей өздері қатысуға тиіс деп, ол жұмысты орынбасар­ларына ысыра салуға болмай­тынын нақты ескертті. Бұл та­лап­тың Парламенттің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына да тікелей қатысы бар. Мұнда мәселе осыған дейін­гідей Ассамблеяны шектен тыс мемлекеттендіріп, оның жоға­ры­дан төменге қарайғы әкімшілік ресурсын күшейтуге тырысу емес, керісінше ҚХА-ның халықтық немесе азаматтық әлеуетін арттырып, оның вертикалды байланысымен қатар көлденең деңгейдегі қоғаммен жұмысын барынша күшейтуде болып отырғандығын ескеруде жатқан сияқты. Бұл Ассамблеяның мемлекеттік ше­шім қабылдау үдерісіне және рефор­маларды ілгерілету ісіне белсене қатысу қажеттігін аңғартса керек. Сондықтан ҚХА сессиясында Ассамблеяны әлеуметтік тұтастық пен отаншылдықты дәріп­тейтін институт ретінде ны­ғай­ту керектігі және Ақсақал­дар мен Аналар кеңесі сияқты тиімді құрылымдарды дамыту қажет­ті­лігі қаралды. Ассамб­лея­ның бұл істегі қызметіне министрліктер мен әкімдіктер қолдау көрсететін болады. Алғаш рет жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету мақсатында Президент Қ.Тоқаев Ассамблея құрылымдары мен этномәдени бірлестік басшыларының бір орын­басарын жастардан тағайын­дау туралы мәселе қозғады. Соны­мен бірге ол жергілікті қоғам­дас­­тықтардың дамуына жол ашып, тірек болатын, бірлік, жасам­паздық, өрлеу сияқты құнды­лық­тар­ды дәріптеу жұмы­сын жолға қою қажеттілігіне көңіл аударды.

Әділетті Қазақстанды құру тұжы­рымдамасы – құр сөз емес, нақты жүзеге асырылып жат­қан мемлекеттік саясат. Ол үшін қазіргі қоғамдағы іріткі салу, теріс пиғыл таныту, түрлі қи­тұрқы әрекеттер мен жалған мәліметтерді таратудың белең алып отырған күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау ең басты міндетке айналып отыр. Олай болса, мұның кез келгеніне сын көзбен қарап, тек ресми мәліметтерге сүйенген жөн. Сонда ғана қоғам әлеуметтік күйзеліске ұшырамай, апаттың салдарын еңсеріп, жұрт күнделікті өмірге оралады деген сенімдеміз.

 

Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ,

қоғам қайраткері