Аймақтар • 03 Мамыр, 2024

Атырауда бөгет салып жүрген еріктіні сарышаян шағып алған

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында сарышаян бөгет салып жүрген еріктінің сол қолын шағып алды, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда бөгет салып жүрген еріктіні сарышаян шағып алған

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сарышаян шаққан еріктіге шұғыл көмек көрсетілді.

«Сарышаян еріктінің сол қолын шағып алды. Еріктіге Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушы-дәрігерлері шұғыл көмек көрсетті. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен Атырау қаласындағы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.