Білім • 04 Мамыр, 2024

25 мамырда – соңғы қоңырау

132 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кейінгі кезде ата-аналар мен оқушылар арасында «соңғы қоңы­рау соғылмайды, соңғы қоңырау жиыны болмайды екен» деген қа­уесет тарады. Соның анық-қанығын білмекке ұмтылдық. Жа­уапты министрлік таратқан хабарламасындағы нақты ақпа­рат соңғы қоңыраудың айналасындағы әңгіменің соңғы нүк­те­сін қойды. Соған сүйенсек, соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады.

25 мамырда – соңғы қоңырау

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі барлық педа­гогке «Соңғы қоңырау» іс-шара­сын 25 мамырда өткізуді тап­сырды. Осыған қатысты министр: «Биылғы оқу жылы 25 ма­­мырда аяқталатынын қатаң еске­­р­темін. Осыған орай, оқу бағ­дар­ламаларын жыл бо­йына табысты меңгерген 3,8 мил­лионнан аса еліміздің оқу­шылары, келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы Бірың­ғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарла­масы» шеңберінде қабыл­­данған жоспарға сәйкес ұйым­дастырылуға тиіс. Әріптес­те­рі­міздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында «Ынты­мақ айы» айлығын өткізу жос­пар­ланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Кани­кулда кітап оқиық» және т.б. іс-шаралар қарастырылған. Соны­­­мен қатар еліміздегі 186 мың мек­теп бітірушілері үшін оқу жы­лы­ның аяқталуына арнал­ған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын», деді.

Министрдің айтуынша, биыл­­ғы мектеп түлектері аталған іс-шараны жоғары мәдениетпен, ысы­рапсыз, даңғазасыз, рухани-адам­гершілік деңгейінде өткіз­гені орынды. Бұл болашақ түлек­тер үшін өнегелі дәстүрге айнал­ған жаңа форматтағы жо­ғары мәде­ниетті алғашқы ша­ра болары сөзсіз. Оқу жылын аяқ­тау­ды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақ­тау бойынша өңірлік білім бас­қар­ма­ларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеледі.

«Құрметті әріптестер! Төтен­ше жағдайлар кезінде эва­куа­ция­лық пункттерде балалар мен тұр­ғындарға психологиялық көмек көр­сеткен 400-ден аса мектеп психологтерімен, өз міндет­терін атқара жүріп, кез келген қиындықты елмен бір­ге еңсеруге қатысқан 29 мың­нан аса педагогтер мен білім саласы қызметкерлерінің өл­шеу­сіз еңбектерін ерекше атап өткім келеді. Мәселен, Маң­ғыс­тау облысының педа­гогтері Аты­рау облысынан келген отба­сыларды өз үйлерінде қабыл­дап, ұйым­­шыл­дықтың ерекше үлгісін көрсетті. Ақмола облы­­сын­дағы әріптестеріміз арнайы мек­теп интернатының тәрбие­­ле­нушілерін өз үйлеріне орна­лас­тырып, қам­қорлыққа алды. Әсіресе Қостанай облысы, Алтынсарин ауылында орналасқан мектеп ұжымы елді мекенге қарғын су кірген шақта, ең алдымен, мектепті қорғап қал­ды. Педагогтеріміздің бұл қаракеті – үлкен ерлік пен шынайы аза­мат­тықтың белгісі. «Бере­ке – бір­лік­те, ырыс – ынты­мақ­та» деген. Елі­міздің білім беру жүйесінде өз­деріңіздей жауап­кершілігі ж­о­ғары, білікті маман­­дардың бол­ғанын мақтан тұта­мын, әрі бар­шаңызға минис­трлік пен жеке өз атымнан ерекше риза­шылығымды білдіремін», деді Ғ.Бейсембаев.