Аймақтар • 09 Мамыр, 2024

Алматы облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

76 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Шара Қонаев қаласындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Бұдан әрі өңір басшысы Алатау қаласының тыл  ардагері, көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Бұлын Рамазанова мен Ұзынағаш ауылындағы соғыс ардагері Федор Ковалевты арнайы барып, құттықтады. Ардагерлермен кездесу барысында олардың ерлігін ұлықтап, облыс тұрғындарының атынан алғыс айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, сыйлығын табыстады.

 «Биылғы Жеңіс күнін бізбен бірге нәбәрі 7 майдангер қарсы алып отыр. Олар: Іле ауданынан Тәңірберген Толғанбаев, Жамбыл ауданынан Федор Ковалев, Еңбекшіқазақ ауданынан Солтанбай Жарықбасов, Қонаев қаласының тұрғыны Оксана Бетебаева, Қарасай ауданынан Павел Половой, Ұйғыр ауданынан Алим Кебиров және талғарлық Вячеслав Легостаев сынды апа-аталарымыз бүгінгі қуанышты күнге аман-есен жетті. Қазіргі күні 2,5 мыңнан астам тыл еңбеккері өскелең ұрпаққа өнеге болып жүр. Олардың көшбасынан көрінетін Тастемір Байғабылов, Мария Мұқанова, Нариман Сауранбаев, Галина Ляшева, Күлпара Шортанова, басқа да тыл ардагелері әлі де қоғамдық өмірге араласып, жастарға жол көрсетуде. Екінші дүниежіүзілік соғыстың ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ешқайсысы мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығынан, қоғамның сый-құрметінен тыс қалмауда. Біздің бүгінгі басты міндетіміз – аға буынның сұрапыл соғыс жылдарындағы өшпес ерліктері мен өлшеусіз еңбектерін барынша дәріптеу. Себебі «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі», деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.

рр

Жеңіс күні облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен қала әкімдері де ардагерлерді мерекемен құттықтап барды. Олар майдангерлерге зор денсаулық пен отбасына амандық, бақыт пен шаттық тіледі.

Айта кетейік, екінші дүниежүзілік соғысқа Алматы облысынан 40 мыңдай адам әскерге аттанған. Көзсіз батырлықтың жарқын үлгісін көрсеткен 20 майдангерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, облыстың 6 тумасы «Даңқ» орденінің толық иегері атанды.