Есірткі • 13 Мамыр, 2024

«Қызылорда-Павлодар» тас жолында 125 келі марихуана тәркіленді

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелері есірткіні жеткізу арнасын ұйымдастырмақ болған қылмыскерлерді ұстау операциясын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қызылорда-Павлодар» тас жолында 125 келі марихуана тәркіленді

Фото: Polisia.kz

Полицияның мәліметінше, екі ер адам ұсталып, көліктерінен салмағы 100 кг марихуана салынған 27 пластик пакеті бар үш дорба тәркіленді. Тыйым салынған заттар Жамбыл облысынан Маңғыстау облысына ауыр жүк көліктерімен жеткізілді.

Ұлытау өңірінде де осыған ұқсас жайтқа тосқауыл қойылды. Өңірде есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу мақсатында есірткі бекеттері құрылған еді. «Қызылорда-Павлодар» тас жолындағы осындай бекеттердің бірінде қызмет етіп жүрген полицейлер «Mercedes Benz» көлігін тоқтатып, лентаға оралған сөмкелерді тәркіледі.

Көліктің салонынан және багажынан барлығы 10 сөмке табылды. Сараптама нәтижесі олардың ішінде жалпы салмағы 125 келі болатын кептірілген марихуананың болғанын көрсетті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті