Оқиға • 13 Мамыр, 2024

Шығыс Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары ұсталды

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәртіп сақшылары Шығыс Қазақстан облысында заңсыз еңбек мигранттарын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары ұсталды

Фото: Polisia.kz

ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік шаралар барысында Күршім ауданында салынып жатқан нысанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 11 шетел азаматын анықтады.

Белгілі болғандай, шетел азаматтары Қазақстанға наурыз айында келген, бірақ жұмыс қызметін жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін тиісті рұқсаты болмаған. Бұған қарамастан, жұмыс беруші оларды қызметке тартқан.

Ұсталған шетелдіктер аталған бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жұмыс беруші 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті