Көрме • 16 Мамыр, 2024

Кенеп үстіндегі көркем шежіре

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әбілхан Қастеев атындағы еліміздің Мемлекеттік өнер музейінде «Qazaq Ballet» креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылдық тарих» атты картиналар көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде еліміздің кәсіби хореографиялық өнерін өркендету жолында 90 жыл бойы қойылған ұлттық спектакльдер тарихы жинақталған. Тұтас бір ғасырдың эстетикалық тарихын толғаған кенеп үстіндегі көркем шежіреде балет өнері бар қырынан сыр шертеді.

Кенеп үстіндегі көркем шежіре

«Қазақ балеті: 90 жылдық тарих» картиналар көрмесі Тоғжан Мол­далімнің жетекшілігімен «Qazaq Ballet Creative Lab» және Нұрсұлтан Назар­баев қорының қолдауымен жүзеге асырылған «Қазақ балетіне 89 жыл» арт-альбом жобасының жалғасы іспетті. Жобаның мақсаты – ұлттық музыкалық-хореографиялық мәдениетті кескіндеме-дизайн өнері арқылы сақтау және насихаттау.

ва

Көрме музей, театр және жеке мұрағаттардан алынған сирек мұрағаттық фотосуреттер, бейнежазбалар мен мәтіндер негізінде жасалған авторлық картиналардан тұрады. Картиналарда қазақ опера және балет театрының 90 жылдық кезеңіндегі ұлттық спектакльдердің көріністері бейнеленген. Олардың арасында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театры, «Самұрық» заманауи би театры, апалы-сіңлілі Ғаббасовалардың би театры, К.Бай­сейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, «Ас­тана балет» театры, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының бірегей қойылымдарының көріністері бар. Сондай-ақ А.Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық учили­щесінің, Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің студенттерінің қойы­лымдары да ұсынылған.

рен

Жобаны жасауға Тоғжан Мол­далім, «Qazaq Ballet Creative Lab» жетек­шісі Дамир Оразымбетов, сурет­ші Жаннат Баймұханова, дизайнер Гузель Нұрымбетова секілді отандық арт-шеберлер атсалысқан. Альбом еліміздің мәдени мұрасын жүйелеуді және бүкіл әлемге таныс­тыруды мұрат тұтады.

 

АЛМАТЫ