Саясат • 21 Мамыр, 2024

ШЫҰ Бас хатшысы Сыртқы істер министрлерінің кездесуін қорытындылады

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы хатшылығының 2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы мамырға дейінгі кезеңдегі жұмысы туралы есебі мақұлданды. Сондай-ақ отырысты ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШЫҰ Бас хатшысы Сыртқы істер министрлерінің кездесуін қорытындылады

Фото: time.kz

Чжан Миннің айтуынша, отырыста саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастыққа қатысты 22 шешім қабылданды. Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының ШЫҰ жұмысы туралы баяндамасы мақұлданды. 

«Қорытындылай келе, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге, ведомство қызметкерлеріне және жалпы қазақстандық әріптестерге ШЫҰ Сыртқы істер министрлері отырысын жоғары деңгейде өткізгені үшін, хатшылық делегациясына қажетті жәрдем көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін алғыс айтамын», деді ШЫҰ бас хатшысы.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті