10 Наурыз, 2017

Кітап киесі

759 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жастық шағында «Егер кенет байы­п кетсең не істер едің?» деген сұраққа Алексей Пешков, кейінгі даңқты жазу­шы Максим Горький «Кө-өп қы­лып кітап сатып алар едім» деп жау­­ап берген екен, дейді. Ал бүгінде біз­­дің марқасқа қаламгер Мархабат Бай­ғұт ағамыз байлыққа бөгіп, бағ­лан жеген замандастарымыздың өз­де­рін­­де жоқ кітапты сатып алмақ түгілі, бар кітапты қоятын жер таппай, отқа өр­­теп, суға ағызған сорлылығын күй­іні­шті зар қылып шертеді. «Қош бол, кіт­ап…» деп ел газеті «Егеменде» жан дү­ниесінің запыранын төге шыр­қыр­ай­ды.

Кітап киесі

Ал енді осы зарға зейін қойып жатқан құлақ, көңіл қойып жатқан көкірек барына біз тағы күмәнданамыз-ау. Мархабат көкемнің жанайқайы, әрине, көп-көп сөз ұғар саналыларға жетіп те жатыр. Бірақ әлдеқашан басталып кеткен кітап­қа, көркем әдебиетке деген селқос-са­ма­р­қаулықты, ықылассыздықты, оны ай­тасыз-ау, тіптен, өшпенділік пен жау­­лық ниетті, содан туын­дап жат­қан жой­қын жаугершілікті, рухсыз то­быр­дың жорығын тоқтатуға аз ғана абыз­дар­дың, ат төбеліндей ғана кеу­де­сін­де сәу­лесі барлардың ша­масы ке­лер ме?! Тасқа басылған қа­лам сөзіне ен­жар­лар мен рухсыздар өз­де­рін күн­дер­­дің күнінде, қияметтің қыл­кө­пі­рін­де Кі­тап Киесі ұрады-ау деп те қо­рық­пай­ты­нын қайтерсіз?

Осы арада атам қазақтың «Құдайдан қо­р­ықпағаннан қорық» деген тәмсілі ес­ке түседі. Себебі, кітапты жақсы көр­мейтіндерді, кітап нығметіне бө­лен­бегендерді Жаратушы иеміз де жақ­сы көреді деп айта алмасақ керек. Жер бетін жайпап тұмшалаған зұлмат қа­раң­ғы­лықты, нәмарт надандықты сейілтіп, адам затының көкірегін жарықпен нұ­р­лан­­дыру үшін бір Алла әуелі көктен уа­һи етіп кітап түсірді емес пе?! Иә, кі­тап әзелден Аллаға тән. Біз осыны неге ұмы­та­мыз? «Дәуіт пенен қаламды айт, Сөз иесі кәләмді айт» деп жырау баба­ла­­ры­мыз жырға қосқан Құран шәріп үм­бе­ті­­міз­­дің алғашқы кітабы екендігін жа­ды­мы­­здан еш шығармағанымыз абзал-ау! Сол қасиетті кітапты Жебірейіл періште «Оқы!» бұйырмап па еді? Осыдан да болар-ау, жалпы кітапқа деген қазақ халқының құрметі бағзыдан-ақ биік болып, ежелгі замандардан қалыптасқаны анық. Біздің қазақ көңілге қонымды бір жақ­­сы сөз естісе де «кітап сөзі» деп іл­ти­­паттап тұратыны соның айғағы ғой.

Мәйекті сөзді төгілтіп жүрген мият­т­ы Мархабат ағам-ау, әріге бармай-ақ қоялық, осы сіз бен біздің толқын кі­тап­пен өстік, есімізді білгеннен кө­зі­міз­ді кітаппен аштық емес пе? Шіркін, к­і­тапты отырып та, тұрып та, жатып та, жастанып та оқушы едік қой. «Қо­бы­лан­ды батырдағы» Тайбурылдың ша­бы­сын жатқа айтушы едік. «Алпамыс ба­тыр­дағы» Ұлтанқұл мен Бадамша са­қау болып айтысушы едік. Ертөстік пен Керқұла атты Кендебайлар түсімізге кі­ріп, түн баласы төккен көзіміздің ыстық жа­сы­мен жастықты булап шығушы едік. Сіздің жиеніңіз суға ағызған Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Сайын Мұратбековтің, Шерхан Мұртазаның, Мұхтар Мағауиннің және басқа көп-көп жа­зушы ағатайларымыздың кітаптарын оқып таныдық қой мынау дүрия дүнияны. «Сен қанша кітап оқыдың? Мен 100 кі­тап оқыдым» деп бәсекелесуші едік мек­тепте жүргеннің өзінде. Біреуден бір жақсы кітап шығыпты деп естісек, со­ны тауып алғанша байыз таппаушы едік. Енді келіп кітапты суға ағызды де­ген не сұмдық? Ойпырмай, осындай кү­нә арқалаған кісәпірлігіміз үшін жаны жән­наттан болғыр жарықтық Әбіш Кекілбаев ағамыздың «Шыңырауына» құлап, жер астындағы дариямен белгісіз дүниеге өзіміз ағып кетсек те, рауа шы­ғар. Не болмаса жан біткенге зиянсыз, тыш­қан мұрнын қанатпас зифа пейілді Тө­лен Әбдікұлы ағамыздың «Оң қолы» бұ­лай керкеткенді кеңірдектен қысып қыл­қындырса да обал жоқ-ау!

Десек те, кітап жұрттың бәріне бір­дей қадірсіз емес. «Он мың кітабым бар» дей­тін ондаған білімді інілеріңіз бар мен бі­летін, Марқа-аға. Олар сіздің жиеніңіз сияқ­ты, кітаптарын суға ағызып жатқан жоқ, туған ауылдарындағы, оқыған мек­теп­теріндегі кітапханаларға беріп жатыр. Үйлеріндегі сөрелерінде көз жауын алып тұрғандарының өзі бір көп-көрім дү­ние. Қадағам, Қадыр Мырза Әлінің кітап­ханасы түп көтеріліп Оралдағы өз атындағы Орталыққа көшіп барғанын бі­лесіз. Мырзатай Жолдасбековтен бас­тап кітапжанды зиялыларымыздың көп кі­таптары бірнеше мыңдаған данамен сый­ға тарту акциясы аясында елордадағы Ұлт­тық академиялық кітапханадан орын теп­кеніне де қуаныштымыз. Осы баға жет­кісіз құндылықтардың суға ақ­па­ғанына, сол тұма бұлақтай тұнық сырлы кітаптардың тымырсық тұйықта қа­лып қоймай ел игілігіне, еркіндікке шы­ғарылғанына, Құдайға шүкір, кітап қадіріне жеткен азаматтарымыздың бар еке­ндігіне мың тәубе.

Марқа аға, Балбұлақ басындағы қо­радан кітаптарын суға ағызып, кү­нә арқалап, өзін қылмысты сезінген Қой­шы­­ман жиеніңізге дұғай сәлем. Бау­ыры­­­­мыз кітаппен, киелі кітаптың таң­ға­жайып әлемімен тым ертерек қош­та­сып қойған сыңайлы. Әлі де болса ойлансын. Салауат, сабырға бекінсін. Қой­шымандар сөйтті екен деп Қазақ елі кітаппен ешқашан қоштаспайды. Кі­­таптың киесіне қылау түсірмейді де­гей­сіз. Мұны бізден артық өзіңіз білесіз, Марқа-аға!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»