Оқиға • 27 Ақпан, 2025

Астана әуежайында жолаушы ұшақтан секірмек болған

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әуежайында орын алған SCAT әуе компаниясының жолаушысының бұл әрекеті туралы әлеуметтік желіде қысқа видео тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әуежайында жолаушы ұшақтан секірмек болған

Фото: Видеоскрин

Жолаушылардың сөзінше, ер адам өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, әуе кемесінің алдыңғы жағына барып, ұшақтың ұшуға дайындалып жатқанын білсе де, есікті ашып жіберуге оқталған. Оған жолаушылар мен ұшақ қызметкері жол бермеген.

Әуе компаниясы оқиғаға қатысты ресми мәлімет әзірге таратпады.