Медицина • 04 Наурыз, 2025

Қазақстанда қандай дәрігер-мамандар тапшы

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қандай дәрігер-мамандар тапшы

Фото: Денсаулық сақтау минстрлігі

2024 жылы дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға, яғни 4 864-тен 3 954 маманға дейін қысқарған, ал орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7%-ға, яғни 4 820-дан 4 505-ке дейін азайған.

Ең тапшы мамандардың тізімінде тұрғандар: терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар, педиатрлар.

Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын заңнамалық деңгейде бекіту мақсатында ауылдар бойынша әлеуметтік қолдау шаралары қабылданғаны, бүгінде өткір тапшы мамандықтар бойынша 207 медицина қызметкеріне біржолғы төлемдер жүргізілген.

Сонымен қатар, тұрақты жұмыс орнына келген 544 дәрігер, оның ішінде 2024 жылғы 226 түлек әлеуметтік қолдау шараларын алды.

Медицина қызметкерлерін, оның шеңберінде 164 мың маманды құқықтық қорғау мақсатында кәсіби жауапкершілікті сақтандыру туралы Заң қабылданған.

Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарды даярлауға квоталарды 1500-ден 2500 орынға дейін ұлғайтты және мамандарды өңірлер бойынша біркелкі бөлу үшін кадрларды есепке алудың ұлттық жүйесін (КЕЖ 2.0) енгізіп жатыр.