Көрме • 01 Сәуір, 2025

Қырғыз өнерін айшықтаған көрме

203 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бір топ кәсіби кес­кін­демеші, суретшілер мен мүсіншілер қырғыз мәдениетін, табиғаты мен халық дәстүрін көркемдік тұрғыдан суреттейтін «Айкөл-Талас-Қыр­ғыз­стан» атты көрме ұсынды. 2019 жылы әдебиет алыбы Шыңғыс Айт­матовтың 80 жылдығына арналған халықаралық пленэр кезінде құрыл­ған бұл рухани идеяластар төңірегіне үлкен халықаралық тәжірибесі бар автор­ларды, Қырғызстанның халық және еңбек сіңірген мәдениет қай­рат­­керлерін, сурет өнерін, шығармашылықты сүйетін жас ұрпақты бірік­тіре бастады.

Қырғыз өнерін айшықтаған көрме

Көрме кеңістігіне атақты май­­­талмандардың, Қыр­ғыз­­­стан суретшілері жаңа буын тәлімгерлерінің, Мәскеу мен Санкт-Петербург ірі көркемсурет инс­ти­­тут­тарының түлектері: Қадырқұл Оразматов, Сүйітбек Торобеков және Сапар Осмоналиевтің туындылары топ­та­с­­тырылған. Қатысушылар қатарында бел­гілі қырғыз суретшілері Жолдошбек Қазақ­баев, Шекербек Анарбеков, Чингис Ормонбеков, Эркин Ақна­заров, Жаныбек Сүйін­беков, Алмаз­бек Шаршекеев, Әбді­садыр Трусбеков бар. Көркем картина­лар арасындағы экспозиция монументалист Бообек Арыковтың қоладан ж­а­­сал­ған бірнеше туындысына да өз қа­­та­рынан орын берді. Топтың әрбір қа­ты­сушысы Қырғызстан мен шетелде жеке және халықаралық көрмелерде үл­кен тәжірибеге ие.

ап

Қырғыз халқының біртуар пер­зент­терінің ой-пікірлері, адам тағдыры, ұрпақтар сабақтастығы, туған жерге деген сүйіспеншілік пен табиғаттың адаммен үндестігі туралы толғаулары топ мүшелерінің шығармаларында өзінің көркемдік өрнектерін тапты. Шыңғыс Айт­матов: «Туған жер – ата-баба­мыз­дан қалған жеріміз ғана емес, ұрпақ­тары­мыз­ға қалдыратын жері­міз», деп жазды. Түркі әлемінің ұлы тұлға­сы­ның бұл сөзі туған өлкенің рухымен тамырлас жатқан кескіндемелер мен мүсіндерге де мағына беріп, ұлт­тық айбынын арттыра түседі.

ва

Ұсынылған авторлардың шығар­ма­шы­­лығы – бүгінгі қырғыз өнерінің кө­рінісі, онда дәстүрлі ұлттық сарын көр­­­­кем білім берудің академиялық база­­­сына сүйенетін жаңа ізденістермен ұш­та­сады. Қырғыз авторларының қол­таң­­басы сан алуан, дара, тарихи мифо­ло­­гия шы­найылығымен күнделікті өмір мен дерексіздік екпінін жеткізіп, жүз­жыл­дық­тар көшінің жұмбағын алға тартады.

 

АЛМАТЫ