Жемқорлық • 09 Сәуір, 2025

АШМ экс-шенеунігі жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасары жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

АШМ экс-шенеунігі жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартқан, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған», делінген хабарламада. 

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.