Саясат • 30 Қараша, 2025

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді

Министрлік Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты ресми түрде наразылық білдірді. Бұл – халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акт.

Қазақстан жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде энергия ресурстарын тұрақты және үздіксіз жеткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде айрықша орын алады.

«Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдайды деп күтеміз», – деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10