Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025

Жапония Абай облысына 7 млн доллардан астам қаражат бөледі

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония үкіметі Семей медицина университетінің госпиталіне заманауи медициналық құрылғылар сатып алу үшін 7 миллион доллардан астам грант бөлді. Бұл көмек ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Жапония Абай облысына 7 млн доллардан астам қаражат бөледі

Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иидзима Ясусама үкіметаралық келісімді іске асыру туралы құжатқа қол қойды. Бөлінген қаражат Абай облысының медициналық инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады. Жоба аясында мынадай жабдықтар сатып алу жоспарланған:

  • Магнитті-резонанстық томограф;
  • Компьютерлік томограф;
  • Эндоскопиялық құрылғылар;
  • Реанимациялық және басқа да қажетті жабдықтар.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл қадам аймақтық деңгейде мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Бұл әсіресе полигон зардабын шеккен азаматтар үшін әлеуметтік және гуманитарлық маңызға ие.

Сонымен қатар Жапония Қазақстанға «Шөп тамыры» (Корни травы) бағдарламасы арқылы да қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта екі ел арасында клиникалық зерттеулерді, кадрлар даярлауды және жасанды интеллект негізіндегі телемедициналық шешімдерді біріктіретін «Japan-Kazakhstan Medical Hub» жобасын құру мәселесі қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10