Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20770 материал табылды

Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Барды ұқсата алмау – басшыларға сын

Жамбыл облысында бастау алған өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған қанатқақты жоба бүгінде өзінің жемісін бере бастады. Өңірдің 10 ауданынан таңдап алынған 11 ауылдың тұрғындары төмен пайызбен несие алып, мемлекет қолдауының игілігін көруде. Төрт түлік бағып, табысқа кенелуде.

Руханият • 07 Мамыр, 2020

Майданда қан кешкен «Халық жауының» балалары

Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ тарихындағы бір қасіретті кезең еді. Олай дейтініміз соғыс жылдарында қаншама қазақ қайғы-қасірет кешті. Бұл соғысқа «халық жауының» балалары да қатысты. Олардың соғысқа сұранғандағы бар мақсаты жазықсыз жапа шегіп, атылып кеткен әкелерін ақтау болатын.

Руханият • 07 Мамыр, 2020

Бауыржан мойындаған батыр

«Социалистік Қазақстанның» барша қызметкерлері біріміз қалмай редак­ция­да­ғы кең бөлмеге – кітапханаға жи­нал­дық. Әркімнің жүзінен бұған дейінгі күндердегідей жайраңдаған қуаныш нышаны емес, ызғарлы ызбар еседі. Отан тағ­дырын ойлаған уайым табы сезіледі. Бұл жиын жоспарлы жи­на­­лыс немесе күн сайынғы лездеме емес еді. Бізді редактор, партия ұйымының хат­шысы шақырған жоқ. Жұрт өздігінен жиналған. Күн жексенбі, 1941 жылдың 22 маусымы. Әлгінде ғана радиодан өте суық хабар естігенбіз. Фашистік Гер­ма­ния сүйікті Отанымызға опа­сыз­дық­пен тап берді.  

Таным • 07 Мамыр, 2020

Ердің ері

Екінші дүниежүзілік соғыстың айтулы қаһарманы, әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Ердің ері!» деп бағалаған Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтің майдан көгіндегі айрықша төрт тарихи ерлігін қайта жаңғыртып көрсек.

Қоғам • 07 Мамыр, 2020

Отан қорғау – ортақ іс

Отанын шексіз сүйетін, туған жерін көзінің қарашығындай қадірлейтін сарбаздар барда ел армиясы ешқашан биігінен аласармайды. Жыл санап қару-жарақ түрлері, қажетті құрал-жабдықтар қатары жаңарып, жетілдірілу үстінде. Бұл – Жоғарғы Бас Қолбасшы-Қазақстан Президентінің ел қауіпсіздігіне деген ерекше көзқарасын аңғартып тұр.

Қоғам • 07 Мамыр, 2020

Алаш сарбазының айбыны асқақ!

Егемен еліміздің Қарулы Күштерін дамыту мен жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қомақты қолдау көрсетіліп келеді. Сондықтан Қазақстан әскерінің айбыны қашанда жоғары болады деп сенеміз.

Руханият • 07 Мамыр, 2020

Әлеуметтік жағдайымыз да әлеуетті

Қорғанысы мықты мемлекеттің тәуелсіздігі де баянды бол­­мақ. Әскери қызметте жү­ріп осыған көзім жетті. Бағзы бабаларымыз найза­ның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған атамекенді қорғау парызы енді бүгінгі ұрпақтың үлесінде тұр.

Руханият • 07 Мамыр, 2020

Қасиетті борыш

ұрметті бауырлар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – әр азаматтың патриот­тық сезімін оятатын, Отанды қорғау жауап­кер­шілігін арттыратын маңызды мереке. Әр отбасына береке, әскери саладағы ұландарымызға мықты жігер, жастарымызға қажыр-қайрат тілеймін. Мереке құтты болсын! Мереке тек тойлаумен өлшенбейді. Ойлау – ел игілігі жолында қадам жасаудың алғышарты. Көрнекті ақын Мұхаметқали (Мұқағали) Мақатаевтың: «Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Не тындырдың «басымды иемменен?» – деп ой тастауы тегін емес.  

Таным • 07 Мамыр, 2020

Сардар

Дәуірдің сипаттамасын беруде жеке тұлғаның жүріп өткен жолы мен өмірі ерекше орынға ие. Жеке тұлға өзі өмір сүрген кезеңмен тығыз байланыста болғандықтан, оны дәуірінен бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да дәуір тынысын айғақтайтын тарихи құжаттардың қайнар көзі архивтегі сан қырлы деректер ғылыми айналымға түсіп, көпшілік назарына жиі салынып отыруы тиіс.

Қоғам • 07 Мамыр, 2020

Қарулы Күштер қатарындағы қаракөздер

XX-XXI ғасырлар тоғысында әскери қызметші әйел немесе сарбаз әйел сияқты кәсіптің болуы ешкімді таңғалдырмайды. Қазақ қоғамында әйелдер ежелден-ақ ерлермен қатар қиын және ауыр кезеңдерде қолына қару алып ел мен жерді қорғаған. Қазақстандық мыңдаған арудың Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында ерлікпен шайқасқаны, тылда аянбай қайсарлықпен еңбек еткені осының айғағы.