Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24568 материал табылды

Саясат • Бүгін, 14:50

Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапары: Қазақстан – Пәкістан қатынастарының жаңа кезеңі

Саяси тұрақсыздық үстемдік еткен өңірлердің тоғысындағы Орталық және Оңтүстік Азия үшін Астана мен Исламабад арасындағы диалог соңғы жылдары ерекше маңызға ие бола бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары – екі ел басшылығының стратегиялық сенімді тереңдетуге, аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге шығаруға бағытталған маңызды қадамы. Сарапшы Таир Нигманов бұл сапардың символдық қана емес, нақты саяси әрі экономикалық салмағы бар екенін атап өтеді: Ауғанстандағы жағдайдан бастап, көлік дәліздерін әртараптандыруға, логистикалық ынтымақтастықтан мәдени және гуманитарлық байланыстарға дейін – бүгінгі күннің өзекті тақырыптары екі ел мүддесін бұрынғыдан да жақындастырып отыр.

Қоғам • Бүгін, 08:50

Цифрлық дәуірдегі кино өнері

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды. Осыған орай Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі экран өнері: заманауи мәселелері мен даму үрдісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қоғам • Бүгін, 08:38

Тәлімгер тәлімі

Елорданың ірі мәдени-ғылыми мәйегі – Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы алғашқы оқытушыларының бірі, бүгінде профессор Қарлығаш Байтанасовамен ұшырасқан сайын білім жүйесіндегі әдебиет пәнінің оқытылу жайы мен жастардың қазіргі ізденістері туралы әңгімелесіп, ой-пікір бөлісеміз.

Руханият • Бүгін, 08:18

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Оғыз-қыпшақ кезеңінен бастау алған Сыр сүлейлерінің жырлары – ұлт руханиятының қымбат қазынасы. Арысы – Қорқыт, берісі Жиембай жыраулардан жалғасқан алтын тізбек бүгінге дейін үзілген жоқ. Қазіргі таңдағы кеудесі көмбе, зердесі мұхит жыраулардың айқын мысалы – Алмас Алматов.

Пікір • Бүгін, 08:15

Негізгі өлшем – халықтың әл-ауқаты

Егер елдің тұрмысы түзелмесе, табысы артпаса, баға құрықталмаса, қандай макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізсек те оны нақты жетістік деп есептей алмаймыз.

Пікір • Бүгін, 08:10

Жүйелі де сапалы шаралар керек

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент ішкі жалпы өнімнің өсуі азаматтардың нақты табысына тікелей әсер етуі керектігін айтты. Бұл ұстаным алдағы кезеңде эко­­но­­микалық саясаттың бағы­тын айтарлықтай өзгертуі ықтимал.

Қоғам • Кеше

Әскери кафедра запастағы офицерлер мен сержанттарды қалай даярлайды?

Бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарының офицерлер мен запастағы сержанттарды әскери даярлау мәселелеріне арналған көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • Кеше

Әлеуметтік саланы өркендету – уақыт талабы

Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту тақырыбында жиын өтті. Оған салалық министрліктердің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Тағзым • 09 Ақпан, 2026

Ерлік пен тарих

8 ақпанда ұлттық батальонның тәжік-ауған шекарасынан туған елімізге оралғанына 25 жыл толуына орай ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасында «Тағзым» іс-шарасы өтті. Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Нарбаев, Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Ербол Түлкібаев, отставкадағы генерал-майор Марат Мажитов, тәжік-ауған шекарасының ардагерлері, «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері қатысып, жат елдің шекарасын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан батыр шекарашыларға орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 09 Ақпан, 2026

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Бүгін Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика