Инфографика

33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту мен әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

20 реткөрсетілді

Әлеуметтік қамсыздандыру: мақсат пен меже

Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, 2026 жыл еліміздің әлеуметтік саясатын­дағы бетбұрысты кезең ретінде белгіленіп отыр. Жаңа жылдан бастап күшіне енген өзгерістер жәрдемақы мөлшерін ғана емес, жалпы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін түбегейлі жаңғыртуды көздейді. Бюджеттік, заңнамалық жаңалықтар қоғамның ең осал топтарына арналған қамқорлықтың жаңа деңгейін көрсетеді.

20 реткөрсетілді

Цифрландырудағы тың бастамалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы жасанды интеллект саласына ерекше мән берді. 2025 жылы қыркүйек айындағы Жолдауында нақты тапсырмалар беріп, ЖИ-дің маңызын атап өтті. «Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек», деген еді Президент. Бұл саладағы өткен жылы атқарылған істерді газеттің алдыңғы санында жазған болатынбыз. Биыл да жасанды интеллект және цифрландыру саласы қарқынды дамуын тоқтатпақ емес. 3 жылдың ішінде толық цифрлы мемлекетке айналу үшін алда IT экспортын арттыру, ЖИ-ді барлық салаға енгізу, баршаға қолжетімді экожүйе қалыптастыру міндеті тұр. Сондай-ақ ЖИ-дің игілігін көрсететін ауқымды жобалар нарыққа шығарылмақ.

21 реткөрсетілді

Жастар саясатындағы бетбұрыс

Қазір елде 5 миллион 817 мың жас өмір сүріп жатыр. Бұл – жалпы халықтың үштен бір бөлігі. Мұндай ауқымды демографиялық әлеует – кез келген мемлекет үшін әрі мүмкіндік, әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бүгінгі жастар саясаты тек әлеуметтік қолдау шараларының жиынтығы емес, Қазақстанның ұзақмерзімді дамуын айқындайтын страте­гия­лық бағытқа айналып отыр.

20 реткөрсетілді

Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Биыл «QazaqGaz» ұлттық компаниясы геологиялық барлау, күрделі құры­лыс жоба­ларына ден қойды. Бұл сәйкесінше газды ішкі тұтынудың артуы­на, елі­міздің газ қоры ауқымын кеңейту қажеттілігіне байланысты болды. 2025 жыл­дағы басымдықтар қатарында газ инфрақұрылымын нығай­ту, «QazaqGaz Aimaq» АҚ арқылы Астана мен оның агломерациясын одан әрі газ­дан­дыру жөніндегі жоба­ларды іске асыруды қоса алғанда, өңірлерді көгілдір отын­мен қамту көзделді.

60 реткөрсетілді

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Кейінгі 5 жылда ғылым көшіне жастардың жаңа легі қосылды. Ғылымға құлшынысы зор жастар ғылымның қай саласында да ілкімді жобаларды іске асырып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Сарапшылар ғылым саласында қалыптасқан осы бір серпілісті бәсеңдетіп алмауды айтады. Бұл үшін ғылымға бөлінетін қаражат пен технологиялық жетістіктерді жетілдіру маңызды.

30 реткөрсетілді

Жаһанды жұмылдырған бастама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Осыған байланысты биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан Ұлттық ұйымдастыру комитеті құрылды.

10 реткөрсетілді

Жетімдерді демейтін құжат

Елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ған балаларды қорғау тетігі күшейтіліп жатыр. Балалар­дың мүддесін қорғауға бағытталған түбегейлі өзгерістің қатарында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заңның қабылдануын атап өтуге болады. Аталған заң 2026 жылдың 4 ақпанында күшіне енеді.

10 реткөрсетілді

Ұялы операторларда ұят бар ма?

Жақында әлеуметтік желі қолданушылары ұялы операторлардан тариф құны өсетіні туралы хабарлама келе бастағанын айтып, бағаның негізсіз өзгеретініне шағымданды. Пайдаланушылар интернет сапасына қарамастан, төлем ақысы жылына бірнеше рет көтерілетінін жазған. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов осы мәселені қозғап, депутаттық сауал жолдады. Ол сауалында үш ірі оператордың тарифтерді бір уақытта, бірдей қымбаттатуы күмәнді екенін айтып, жеткізу, тарату секторларын монополиялық келісім фактілері бағытында кешенді тексеру жүргізу қажет деді.

70 реткөрсетілді
Яндекс.Метрика