Оқиға • Бүгін, 17:24

Атырау облысында ұлынан жәбір көрген қарияны немересі өз қамқорлығына алды

1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Қызылқоға ауданында ұлынан жәбір көргенін айтқан 89 жастағы тыл ардагері Әділхан Сисенов қазір немересінің қолында тұрып жатыр. Оның денсаулығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында, ал оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында ұлынан жәбір көрген қарияны немересі өз қамқорлығына алды

Фото: ашық дереккөз

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылының 89 жастағы тұрғыны, тыл ардагері Әділхан Сисенов қазіргі уақытта немересі Нұрбахыт Ақниетқызының қамқорлығына алынған.

Немересінің айтуынша, болған жағдай отбасы мүшелеріне ауыр соққы болған. Оның сөзінше, қарияның жағдайы бақылауда және оған қажетті күтім көрсетіліп жатыр.

«Атамыз қазір біздің жанымызда. Денсаулығына дәрігерлер бақылау жасап отыр. Бұл жағдай бүкіл отбасымызға ауыр тиді. Барша жұртты ата-анасын қадірлеп, көзі тірісінде қамқорлық танытуға шақырамын», деді Нұрбахыт Ақниетқызы.

Ал зейнеткердің арызы бойынша құқық қорғау органдары денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске алайық, Жаркентте анасы баласын батареяға байлап сабаған болатын.

Соңғы жаңалықтар