Тағайындау • Бүгін, 15:54

Президент ҚХА төрағасының орынбасарын қызметінен босатты

1 мин
оқу үшін

Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент ҚХА төрағасының орынбасарын қызметінен босатты

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды», делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар