Әйелдің сөзінше, ұқсас белгілер анасы, әкесі және әжесінде де байқалған. Оның анасы тек Үлкен Шабақты көліне ғана түскенін атап өткен.
Осы жағдайдан кейін мамандар көлден 6 су сынамасын алып, санитариялық-химиялық, микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізген.
Министрліктің мәліметінше, паразитологиялық талдау қорытындысы бойынша ешқандай сәйкессіздік анықталмаған. Ал санитариялық-химиялық және микробиологиялық зерттеулер әлі жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері толық дайын болмағандықтан, мамандар қорытындыны кейінірек жариялайтынын хабарлады.
Айта кетейік, Бурабайдағы Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылды.