Денсаулық • Бүгін, 17:31

Биыл елімізде 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі көктем шығып, күн жылынғаннан бастап кенеге қарсы профилактикалық шараларды күшейткен. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегіне сәйкес, маусым басталғалы 13 мыңнан астам адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген. Олардың 90 пайыздан астамы кене энцефалитіне қарсы шұғыл профилактикалық көмек алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елімізде 13 мыңнан астам адамды кене шаққан

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, жаз мезгілінде табиғи-ошақтық инфекциялардың таралу қаупі артады. Осыған байланысты министрлік эпидемиологиялық мониторингті күшейтіп, медициналық ұйымдарды иммуноглобулинмен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ қауіп тобына кіретін азаматтарды вакцинациялау және эндемиялық өңірлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Кене энцефалиті – табиғи-ошақтық жұқпалы ауру. Қазақстанда бұл ауру көбіне Алматы қаласы мен оның маңында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Абай облысының Көкпекті ауданында, Ақмола облысының Сандықтау ауданында және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тіркеледі.

Елімізде жыл сайын кене энцефалитінің 24-тен 48-ге дейінгі жағдайы анықталады. Биыл зертханалық жолмен 24 жағдай расталып, бұл көпжылдық орташа маусымдық көрсеткішке сәйкес келіп отыр.

Айта кетейік, Ақмола облысында кене шаққан жасөспірім жансақтау бөліміне түсті.

Соңғы жаңалықтар