Taza.kz

# Саясат

Саясат • Кеше

Мәскеудегі мемлекеттік рәміздер шарасы

Мәскеуде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Еліміздің Ресей Федерациясындағы елшілігінде өткен іс-шарада тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қонақ болды.

Саясат • Кеше

Жобалардың орындалу барысымен танысты

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңір өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынымен танысып, ірі өндірістік, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын тексерді. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері зерделеніп, алдағы даму кезеңіне арналған міндеттер айқындалды.

Саясат • Кеше

Конституцияны нығайтатын заңдар топтамасы

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар жаңа Конституцияны іске асыруға бағытталған бірқатар заңды мақұлдады.

Саясат • Кеше

Адам игілігі – мемлекет ілгерілеуінің басты өлшемі

Мемлекеттің қуаты тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Оның шынайы көрінісі халық тұрмысынан, отбасы берекесінен, баланың білімі мен қарттың қамсыз тіршілігінен байқалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы да осы қағидатқа негізделген.

Саясат • 04 Маусым, 2026

Алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады

Мәжіліс қабылдаған заң жобасына сәйкес, жаңа Конституцияның қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша жауаптылық жеңілдетіледі. Алдын ала есепке сүйенсек, рақымшылық шаралары 16,5 мыңға жуық сотталған азаматқа, 1 миллионға жуық әкімшілік айыппұлға қатысты қолданылады. Жалпы сомасы 21,1 миллиард теңге айыппұл есептен шығарылмақ. Дегенмен құжатта қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық қылмыстары рақымшылықтан тыс қалатыны нақты белгіленген.

Саясат • 04 Маусым, 2026

Экспортқа қолдау күшейеді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Инвестициялық, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қаржы тарту, шикізаттық емес экспортты дамыту, сондай-ақ экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Саясат • 04 Маусым, 2026

Серіктестіктің стратегиялық бағыттары айқындалды

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Кипр Президенті Никос Христодулидис Кипр Президентінің ресми сапары аясында Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Кипр бизнес-форумына қатысты.

Саясат • 04 Маусым, 2026

Әбутәліп Мутәлі: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Мәжілістің өткен аптадағы жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда қабылданды. Мұндағы мақсат – еліміздегі байланыс инфрақұрылымын дамыту, перс­пективалы телекоммуникациялық технологияларды енгізу, халықты жылдамдығы жоғары интернетпен, сапалы әрі қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету. Осы ретте Мәжіліс депутаты, ІТ-технология саласындағы білікті мамандардың бірі Әбутәліп МУТӘЛІМЕН сұхбат құрып, саладағы соңғы өзгерістерді жан-жақты талқылап көрдік.

Саясат • 03 Маусым, 2026

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровты және қырғыз халқын бауырлас елдің 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика