Саясат • Бүгін, 09:22

Мәскеудегі мемлекеттік рәміздер шарасы

1 мин
оқу үшін

Мәскеуде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Еліміздің Ресей Федерациясындағы елшілігінде өткен іс-шарада тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қонақ болды.

Мәскеудегі мемлекеттік рәміздер шарасы

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев өз сөзінде мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, әсіресе отандастарымыз елден жырақ жүргенде көк Туымыз бен Елтаңбаны байқаса немесе «Менің Қазақстаным» әнұранын шырқағанда мақтанышы оянып, атамекенмен рухани үндестігін сезінген сәттерде ерекше көрінетінін айтты.

«Әділ Қазақстанды құру бағытын іске асыру шеңберінде еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау – қоғамда болып жатқан және оны одан әрі демократияландыруға бағыт­тал­ған терең өзгерістердің көрінісі. Негізгі заң Отанымыздың орнықты дамуы үшін берік іргетас қалайды, мемлекеттік ­институт­­­­­­­­­­­т­ардың жауапкершілігін нығайтады және конс­титуциялық құқықтың қазіргі халықаралық стандарттарына сәйкес келеді», деді елші.

Қазақстандықтарды мерекемен құттық­таған Тоқтар Әубәкіров еліміздің әрбір азаматы мемлекеттің осынау еңселі рәміздерін қастер­леп, оның биік мәніне сай болуы керегін жеткізді.

«Егер мемлекеттің символикасы әдемі болса, демек халықтың жаны әдемі. Сондықтан оны одан әрі дамытып, мемлекетімізді биік шыңдарға көтерсін!» деді Кеңес Одағының батыры.

Іс-шарада П.П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының және Гнесин атындағы музыкалық учили­щенің қазақстандық студенттерінің Мемле­кеттік әнұранымызды орындауы кездесуге ерекше әсер берді. Жиын аяғында елшілік мұражайына еліміздің жаңа Конститу­ция­сының кітап нұсқасы қойылды.

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05