Аймақтар • Бүгін, 11:14

Жалғыздықты жеңген мейірім

5 мин
оқу үшін

Анастасия Кулик тағдырының бір-ақ күнде өзгеріп шыға келетінін тіпті ойламаған еді. Жастайынан жетімдер үйінде тәрбиеленген ол мейірбан жандардың көмегінің арқасында көптен армандаған пәтерін сатып алды.

Жалғыздықты жеңген мейірім

Анастасияның жасы 32-де. Жетімдер үйінде тәрбиеленген нәзік қыз жастайынан тағдыр тауқыметін бастан кешірді. Басында баспанасы, жанында көмектесетін бірде-бір жақын туысы жоқ ол мұңға жиі батып, қиындықтан шығатын жолды іздейтін. Қарызға батып алған пәтерінің құнын төлеу қорқынышқа айналды. Онсыз да аз жалақысы ішіп-жемінен артылмайтын. Бірде Настя Instagram-дағы парақшасында айналасындағы мейірбан адамдар көрер, естір деген үмітпен өзінің арманы жайында баяндады. Небәрі 5 мыңдай ғана жазы­лушысы бар оның бұл бей­не­ролигі сол сәтте ғалам­тор­ды шарлап, мыңдаған адам­ға тарап кететінін кім білген.

«Егер тым болмағанда 30 мың адам 200 теңгеден аударса, жеке пәтерім болар еді. Мен әлемге, ондағы адамдардың шексіз мейірбандығына сене­мін», деген сөздері мыңдаған жүректі жылытқаны анық еді. Бейнеролик жарияланған сәттен бастап мүлде бейтаныс адамдар оның есепшотына ақша аудара бастаған. Арада тәулік өткенде Анастасияның шотында бір пәтердің құнына жететін ақша жиналады.

– Өмірімде мұндай таңға­жа­йып оқиға болғанына әлі күнге сене алар емеспін. Әу баста банк­тен мәжбүрлі түрде ақшалай несие рәсімдеген едім. Оған құны 5,5 млн теңге тұратын, аумағы 20,5 шаршы метр бір бөлмелі шағын пәтер сатып алдым. Ал отан­дастарым бір тәулік ішінде 8 млн теңгеден астам қара­жат жиып береді деп кім ойлаған? Жиналған ақшамен банктен алған несиемді, яғни үйдің құнын толықтай өтедім. Қалған қаражаттың бір бөлігін пәтерімді жөндеуге жұмсап жа­тырмын. Сондай-ақ анам мен әжемнің зираттарының басындағы ескерткіштерін жаңаласам деймін. Маған осы күндері көмек сұрап хабар­лас­қандар бар. Қатерлі дертке шалдыққан екі адамға қаражат аудардым. Адамдар маған әлі күнге ақша аударуларын қояр емес. Сондықтан ақша жи­науды тоқтаттым. Көмек көр­сеткен адамдарға алғысым шексіз. Мейірбан жандардың айналамызда көп екеніне шын мәнінде көз жеткіздім. Өзімнің әлі де өзгелерге керек екенімді жан дүниеммен сезіндім, – деп толғанды Анастасия.

Анастасия 8 жасқа толғанда анасы ауыр дерттен көз жұмып, балалар үйіне тәрбиеленеді. Анасы­ның өлімі жанына қатты батқан бойжеткен ұзақ жылдар психологиялық күйзеліс­те жүрген. Дегенмен өмірге құш­тар қыз білім алуға ұмты­лып, қатарластарының алды болуға тырысады. Әуелі жетім балалар мен ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған бала­ларға арналған №1 мектеп-интернатта, одан соң №2 мектеп-интернатта тәрбиеленді. Мектепті тәмамдағаннан кейін Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы көпсалалы колледж­ге оқуға түсіп, режиссер мамандығын алып шығады. Содан соң Ресейдің Омбы мем­ле­кеттік университетіне құ­жат тапсырып, театр және кино актері мамандығын мең­герген.

– Колледжде оқып жүргенде бастапқыда баспана мәселесі аса қиын болды. Сол уақытта маған қамқорлық танытып, өз үйінде тұрғызған ұстазым Қайыржан Бейсенбаевтың көмегін әлі күнге ұмытпаймын. Содан цирк өнерінің бір түрі – бірнеше допты бір уақытта қақпақылдауды үйреніп алдым. Ол кейін Омбыда оқып жүргенде күнкөрісіме қаражат табуыма сеп болды. Көшеде тұрып өнер көрсететінмін. Адамдар ақша беріп кетеді. Сөйтіп, ішер асыма, киіміме қажет ақша таптым, – дейді Анастасия.

Омбы университетін тәмам­дап Павлодарға оралған соң шаһардағы Чехов атындағы драма теарына шақыру алады. Алғашқы кезеңде көпшілік рөлдерді сомдап жүрді. «Дубров­ский» қойылымында режиссерлердің көзіне түсіп, «Танго на троих» спектаклінде үй қызметшісінің рөлі сеніп тапсырылады. Кейін «Любовь и голуби», «Мастер и Маргарита», тағы басқа қойылымдарда салмақты рөлдерді сомдады. Бүгінде Настяның актерлік шеберлігі шыңдалып, қалыптасу үстінде. Кейінгі уақытта кино кастингтерге қатысып жүр. Сонымен бірге йога өнерін үйреніп, йога жаттықтырушысы атанған.

Оның айтуын­ша, мейірбан адамдары көп қоғамның болашағы зор. Мем­ле­кеттік тілді мектеп кезінде мең­гермей қалғанын өзіне үл­кен кемшілік деп санайтынын, алдағы уақытта қазақ тілін үйренуді мықтап қолға алатынын жеткізді.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05