Taza.kz
Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
723 материал табылды

Елорда • 06 Маусым, 2026

Арманға жетелеген Астана

Дамуы уақытпен жарысқан елорданың негізгі қуаты – жастар. Жасампаз идеяға толы олар Астананың тыныс-тіршілігіне жаңаша серпін беріп келеді. Волонтерлік қозғалыстағы белсенділігімен қатар, шағын және орта бизнестегі үлесі, ғылым мен инновация саласындағы жобалары бас қаланың әлеуметтік-экономикалық тамырына қан жүгіртіп отыр.

Саясат • 05 Маусым, 2026

Мәскеудегі мемлекеттік рәміздер шарасы

Мәскеуде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Еліміздің Ресей Федерациясындағы елшілігінде өткен іс-шарада тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қонақ болды.

Саясат • 04 Маусым, 2026

Алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады

Мәжіліс қабылдаған заң жобасына сәйкес, жаңа Конституцияның қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша жауаптылық жеңілдетіледі. Алдын ала есепке сүйенсек, рақымшылық шаралары 16,5 мыңға жуық сотталған азаматқа, 1 миллионға жуық әкімшілік айыппұлға қатысты қолданылады. Жалпы сомасы 21,1 миллиард теңге айыппұл есептен шығарылмақ. Дегенмен құжатта қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық қылмыстары рақымшылықтан тыс қалатыны нақты белгіленген.

Қазақстан • 04 Маусым, 2026

Әнұранды асқақтатқан көшелер

Жақында іске қосылған LRT Арқа төрінде бой көтерген бас қаланың ажарын айшықтай түсті. Әлеуметтік желіде жер үстіндегі пойыздың іші тұрмақ, елорда көшелерімен жүйткіген сәті көпшіліктің қызығушылығын оятты. Мұны көруге асыққан өңірлердегі отандастарымыз Астанаға ағылды. Әсіресе ерке Есілдің оң жағалауындағы Шәмші Қалдаяқов көшесіне келушілер, сол маңда түрлі фотосессия ­жасаушылар көбейді. Мереке қарсаңында біз де барып, жұртшылықпен тілдесіп қайттық.

Қоғам • 02 Маусым, 2026

Сапа сын, қызмет мін көтермесе қайтпек керек?

Қазір көпшілігі сауданы онлайн жасауға үйір. Тұрғындар тұрмыстық тіршілікте тұтынатын тауарлардан бастап үлкен техникаларға дейін виртуалды базарлардан сатып алады. Цифрлық дәуір азаматтардың уақытын үнемдегенмен, түрлі дауды да көбейтіп отыр. Мәселен, жыл басынан бері Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 22 559 шағым түскен. Көрсеткіш – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары.

Зерде • 02 Маусым, 2026

Ұлт тамырындағы таңба

Қазіргі жастардың талғамы, толғандыратын тақырыбы да бөлек. Олар көбіне тың идеялар мен батыл қадамдарға жақын. Заманның тамырын дөп басып, еркін ойлап, өзгеріс лебінде ерек қимылдаған ұрпақтың өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық пен қуғын-сүргін туралы әлеуметтік платформалардағы пікірлерін топтастырып ұсынуды жөн көрдік.

Балалар • 01 Маусым, 2026

«Президент сарайын жақыннан көру мүлде бөлек сезім»: Балалар Ақорданы аралады

Еліміздің әр өңірінен келген 100 үздік оқушы Ақордада қонақ болды. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айбын • 07 Мамыр, 2026

Дрон дәуірінің дидары

Қазір әскери дрондар мемлекеттің Қарулы күшінің әлеуетін байқатады. Өзінің бейімделгіштігімен ерекшеленетін ұшқышсыз аппараттар барлау, тікелей шабуылдау, әуе қорғанысын бұзу, тіпті стратегиялық инфрақұрылымды жоюға қауқарлы. Ал осы заманауи технологияны басқаратын кәсіби операторлар елімізде қалай даярланып жатыр?

Жасанды интеллект • 17 Сәуір, 2026

Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады

Елімізде білім жүйесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу жөніндегі ұлттық жоба басталды. Бастама OpenAI компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Оның аясында 165 мың педагог білім беру мақсаттарына арнайы әзірленген ChatGPT-дің нұсқасы, яғни ChatGPT Edu жүйесіне қол жеткізе алады. Жобаның демеушісі − Freedom Holding Corp., ал технологиялық интеграция бойынша серіктесі – Bilim Group IT холдингі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 17 Сәуір, 2026

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-Ассамблеясы өтті. Әлемнің 155 елінен делегаттар қатысқан алқалы жиында «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбы талқыланды. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.

Яндекс.Метрика