
Әскер • 12 Наурыз, 2025
Отан қорғауға дайынсың ба, бозбала?
Көктем келісімен әскерге шақыру науқаны басталды. Алғашқы лекпен елордадан 25 азамат Шығыс Қазақстан облысындағы Шекара қызметінің әскери бөлімшесіне аттанды. Алдағы уақытта тағы мыңдаған бозбала армия қатарын толықтырады. Олар қайтіп іріктеледі? Республиканың әр түкпірінде құрылған комиссия қалай жұмыс істеп жатыр? Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандарға қандай мүмкіндіктер мен жеңілдіктер бар? Осы секілді сауалдарды арқау етіп Астана қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің пунктіне арнайы бардық.
Қоғам • 07 Наурыз, 2025
Елордада «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Бірлік пен дамудың үш онжылдығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Басқосу Ассамблеяның 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жиында мәдениетаралық диалогті нығайту жолындағы бірегей институттың рөлі, этносаралық қарым-қатынас мәселесі сөз болды.
Саясат • 04 Наурыз, 2025
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Рабатқа екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапармен барды. Іссапар Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, Африка ынтымақтастығы және шетелде тұратын марокколықтар істері министрі Насер Буританың шақыруымен ұйымдастырылды.
Форум • 04 Наурыз, 2025
Келісім мен бірліктің айқын жолы
Көктемнің алғашқы күні Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толды. Осыған орай елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында республикалық форум ұйымдастырылып, мерейтойдың ресми ашылуы өтті. Жиынға жиылған жұртқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов оқып берді.
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
Тарих толқыны ең басты әрі маңызды құндылық халықтың бірлігі екенін әр кез дәлелдеп келеді. Қасиетті қазақ жерін татулық пен келісімнің талбесігі еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілікті нығайту ісінде айрықша рөл атқарады. Ұйым ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде құрылып, 30 жылда азаматтық қоғамның үздік сипаттамасын өзіне сіңіре білді. Бұл меже жүйелі түрде жүзеге асқан бастамаларымен тығыз байланысты.
Айбын • 28 Ақпан, 2025
Үздіктерді үлгі ету – үзілмейтін үдеріс
Ел шекарасын қорғау – мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды міндеттің бірі. Тәуелсіздік алғалы бері мыңдаған сарбаз бен офицер осы қасиетті борышты абыроймен атқарып келеді. Олардың ішінде ерекше ерлігімен, кәсіби шеберлігімен, адалдығымен көзге түскен үздік шекарашылар бар.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2025
Жаһандық аренада ел беделін көтерген қадамдар
Халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің трансформациясы тұсында «орта державалардың» әлемдік саясаттағы салмағы артып келеді. Бұл мәртебеде еліміз берік орнықты деуге болады. Әсіресе Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті, жүйелі даму мен өркендеуді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отыр.
Үкімет • 27 Ақпан, 2025
Мәдениет пен білімді реттейтін құжат
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар ТМД елдері арасындағы көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялады. Сондай-ақ жалпы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді, отандық әдебиетті дамытуға, кітапхана қорын қолдауға бағытталған шараларды қамтитын заң жобасын қарады.
Қылмыс • 26 Ақпан, 2025
Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен елдегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Жиынға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Қоғам • 25 Ақпан, 2025
Елдегі түрлі этнос өкілдерін ұйыстырып, олардың дәстүрлері мен мәдениетін сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеяның құрылымдары маңызды рөл атқарады. Ұйымның біріктіруші әлеуеті әсіресе өміршең жобаларында көрінеді. Сондай әлеуметтік маңызы бар бастаманың бірі – «Мәміле» пікірталас клубы.